$ 447.4  477.55  4.76

Жол жөнделiп, жарықшамдар орнатылуда

Оңтүстік Қазақстан облысы. Төлеби ауданы. Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы қарсаңында қолға алынып жатқан шаралар көп. Сондай шаралардың бiрi «Бiркөлiк» демалыс аймағына апаратын жолды жөндеу мен кеңейту едi. Бүгiнде Екпiндi ауылының ортасынан өтетiн жол кеңейтiлiп, жолаяқтар салынуда, электр бағаналарына шамдар орнатылуда. Жол жиектерiне арықтар жасалынуда.

Тау баурайындағы ауылдың тартымдылығы туристердiң де қызығушылығын арттырары анық. Бәрiнен бұрын жергiлiктi тұрғындардың қуанышын айтсаңызшы.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өтуге төлебиліктердің де қосып отырған үлесі басым. Мерекелік жиындарды айтпағанда аудан басшылары халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін бірқатар маңызды қадамдарға барып отыр. Атап айтсақ...

Дәл осы мерейлі мереке қарсаңында ауданда екі бірдей балабақша жаңадан салынып, ел игілігі үшін пайдалануға берілсе, алдағы бірер күнде төлебиліктер жаңа медициналық тіректің ашылуын күтіп отыр. Сондай-ақ, биыл облыста қолға алынған «25 жылға – 25 мектеп» акциясы аясында бірнеше ауылда су жаңа мектептер есіктерін айқара ашты.

Бұдан бөлек, ауданның экономикасына елеулі үлес қосып отырған кәсіпкерлер де тәуелсіздік жылдары қазынаға миллиондап қаржы түсіргені белгілі. Күні кеше аудандағы ең іскер 25 кәсіпкер мемлекет тарапынан марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары