$ 445.66  474.58  4.78

ОҚО-да «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясы өтті

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел көлемінде түрлі қайырымдылық жобалары қолға алынып жатыр. Сондай шаралардың бірі Шымкентте өтті. Атап айтсақ, «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО» департаменті және ЖКжЖМТТ департаменті «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған мекеме мамандары Шымкент қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына барып, мұқтаж жандарға қыстық жылы киімдер табыстады.

«Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, жүректерінен жылулық сезімін күтетін жандар қаншама?! Жан жылуын қажет ететін жандарға жылу сыйлап, оларға қамқорлық жасау – әрбіріміздің адамдық борышымыз. Осы мақсатта «Жылулық сыйлау» атты қамқорлық акциясы өткізілді», - дейді қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар.

«ХҚКО» департамент директорының орынбасары Жақыпбек Меңлібаевтың айтуынша, Қамқорлыққа мұқтаж әрбір жан бақытты болуға лайықты. Адам әр ісін шын жүректен, адал ниетпен, сергек сезіммен, ыстық ықыласпен бастап, саналы түрде қайырымдылыққа бағыттап отырса, өзін де, өзгені де қуанышқа бөлейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары