$ 443.85  474.3  4.8

Саланың табысы сараланды

Биылғы жылдың өткен 11 айында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласында 18 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бір ғана жылыжай кешендерінің аумағы 141 гектарға ұлғайып, межеленген жоғары көрсеткіштерді еңсерді.

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елеулі жетістіктерге жеткен бірқатар сала еңбеккерлері Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тағайындаған «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен «Сайрам агро» ЖШС-нің басшысы Хали Сарманов марапатталса, «Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» «Агросервис БМБ» ЖШС-нің басшысы Бақтыбай Бекбауовқа «Құрмет грамотасы» табыс етілді. Сондай-ақ, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің нұсқаушысы Ағабек Мұратовқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі берілді. 

Жерден несібесін терген еңбеккерлерге қала әкімінің «Алғыс хатын» тапсырған қала әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов сала мамандарына алдағы уақытта да биік белестерді бағындырар жолда толайым табыстар тіледі. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағында барлығы 4152 ауыл шаруашылығы нысаны тіркелген.

Айта кету керек, дәл осы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында тке ауылшаруашылық емес, ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өзге де саланың мамандары марапатталды. Азаматтарды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары