$ 449.58  486.94  4.86

Тәуелсіздік қарсаңында ашылған «Фронт офисте» жаңа реформаларды түсіндіріп жатыр

Жуырда ғана ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкентте Орта Азияда теңдесі жоқ «Фронт офис» орталығы ашылған болатын. Бүгінде бұл орталық жұмысқа қызу кірісіп кеткен. Мәселен, күні кеше мұнда бiлiм беру саласындағы реформалар туралы жиын өттi. «Бiлiм жүйесiн автоматтандыру» тақырыбында ұйымдастырылған бұл жиынға «Мектепiшiлiк электронды бақылау жүйесi» SCC компаниясы мен «Баланы балабақша мен 1-сыныпқа электронды түрде орнату мен қабылдау жүйесi» КДС Азия компаниясының және «Мұғалiмдердi электронды түрде тағайындау жүйесi» IT-invest group компаниясының өкiлдерi қатысып, өз жобаларын таныстырды.

Естерiңiзге салар болсақ, Шымкент қаласының 2020 жылға дейiнгi даму тұжырымдамасына сәйкес, қаланың бiлiм беру мекемелерiнде мектепiшiлiк электронды бақылау, балабақша мен мектептiң бiрiншi сыныбына баланы электронды түрде орнату және мұғалiмдердi электронды түрде тағайындау жүйелерiн ендiру мақсаты қойылған болатын.

Мектепiшiлiк электронды бақылау жүйесi оқушы–ата-ана–мектептi қамтыған үш тарап арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың оқу үлгерiмiне, мектептен тыс уақытын бақылауға оң септiгiн тигiзедi деп күтiлуде.

Балабақша мен мектептiң бiрiншi сыныбына баланы электронды түрде орналастыру жүйесi арқылы ата-аналарға барлық мектептер мен мұғалiмдер туралы мағлұматты бiр тiзiмде көру және салыстыру арқылы ең тиiмдiлерiне өтiнiштерiн электронды түрде беруге және бақылауға болады. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларын тұрғылықты тiркелу мекенжайына тәуелсiз түрде, қалауындағы мектепке арнайы бөлiнетiн квоталық орындарға түсiру мүмкiндiгi туады. Әрi iзденушiнiң тұрғылықты тiркелген мекенжайына қарасты мектептi анықтау мүмкiндiгi берiледi.

Мұғалiмдердi тағайындаудың электронды жүйесi арқылы үмiткерлер мектептерде пайда болған бос орындарға өтiнiштер мен тиiстi құжаттарын электронды түрде тапсыра алады. Осы арқылы бос орындардың саны мен үмiткерлердiң тiзiмi электронды порталда жарияланатын болады. Жүйе арқылы үмiткерлердiң бос орынға тағайындалу конкурсының ашықтығы қамтамасыз етiледi.

Енгiзiлiп жатқан инновациялық жүйелердiң қолданылуы қала әкiмдiгiне қарасты мемлекеттiк мекемелер тарапынан тұрғындарға мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қазан айында ашылған «Фронт-офис» қызметiнiң аясында жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары