$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО әкімі Шымкентті көгалдандыруды тапсырды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шымкенттің «жасыл белдеуінің» ауқымы кеңейгенін бған дейін айтқан болатынбыз. Жергілікті билік өкілдері қаланы көгалдандыру жұмыстарымен бүгінге дейін айналысып келеді. Осы орайда шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндады.

Жиында қаладағы 4 аудан әкiмдiгiне қарасты саябақтар мен гүлзарларға, сонымен бiрге, елдi мекендердi қосатын жол бойларына, мектептер мен балабақшалар маңына, ауруханалар және I санатты орталық көшелерге жасыл желектердi егу жоспарын баяндаған шаһар басшысы Ғ.Әбдiрахымов аталған аумақтарға 77 мың түптен астам жасыл желек отырғызу жұмыстары екi кезеңмен жүретiнiн жеткiздi.

Қала әкiмiнiң айтуынша, көлемi 22,5 гектар болатын саябақтар мен гүлзарларға 8 мың түптен астам қырым қарағайы мен шынар, липа егiлмек. Қала аудандарына қарасты аумақтарға 22 мың түптен астам қарағаш отырғызылмақ. Жұмыстарды «Шымкент жасыл қала» мемлекеттiк мекемесi жүргiзетiн болады.

Күздiк көшеттердi отырғызу жұмыстары, сондай-ақ, Шымкенттегi орталық даңғылдар мен көшелерде де жүргiзiлмек. Атап айтқанда, қаладағы Темiрлан тас жолы, Арғынбеков көшесi, Қонаев және Бәйдiбек би даңғылы сынды 21 орталық көшеге 47 мың түпке жуық жасыл желек егiледi.

Шымкенттi көгалдандыру жұмыстарына қатысты мәлiметтерге қаныққан өңiр басшысы жасыл желектiң өңiр климатына сай келуi керектiгiне назар аударып, аптап ыстықта сая болатын үлкен жапырақты ағаштарды көптеп егудi тапсырды. Көшеттердiң басым бөлiгi Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» тұқымбағынан алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары