$ 443.85  474.3  4.8

Тәуелсіздікке тарту: Түркістанда түйе сүтін өңдейтін зауыт салынып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейiт Түймебаев «Golden Camel» компаниясының құрылтайшысы Янг Цие мырзаны қабылдады.

Жыл басында «Golden Camel» ЖШС шұбатты қайта өңдеуден өткiзiп, одан құрғақ қоспалар өндiру жобасына кiрiскен болатын.

Кездесуде Янг Цие мырза Түркiстандағы индустриалды аймақтан бой көтерiп жатқан осынау жобаның iске асырылуын жеделдетудi облыс әкiмiнен өтiнiп, осы күнге дейiнгi көрсетiлген көмектер мен қолдаулар үшiн алғысын бiлдiрдi.

Өз кезегiнде, облыс әкiмi жобаның өңiрiмiз үшiн маңызды екенiн атап өтiп, тиiстi сала басшыларына оның әкiмшiлiк кедергiлерсiз жүзеге асуына барынша атсалысуды тапсырды.

Бүгiнде Түркiстандағы индустриалды аймақта шұбатты өңдеп, одан құрғақ сүт өндiретiн кәсiпорын құрылысының бiрiншi кезеңi жүруде. Жоба iске қосылғанда мұнда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады. Тәулiгiне 100 тонна, жылына 69 млн. тоннадан астам түйе сүтiнен құрғақ қоспалар өндiруге қауқарлы зауыттың құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталып, мұнда әзiрленген дайын өнiмдер республика нарығынан бөлек, Кеден одағы елдерi мен Қытайға экспортталмақ.

Еске салайық, жалпы құны 8 млрд. теңге болатын аталған жобаны iске қосу туралы меморандум осы жылдың сәуiр айында өткен «Ontustik Invest–2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында түзiлген болатын. Онда осы сияқты жалпы сомасы 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын жобалар бойынша 40 меморандумға қол қойылған едi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары