$ 446.49  475.38  4.79

Жерлестерiмiз жеңiс тұғырында

Оңтүстiк Қазақстан облысының студент жастары Ақмола облысында өткен ХII республикалық Ұлттық жастар Дельфий ойындарында төрт алтын, бiр күмiс медальға ие болды.

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға облыстан 21 жас қатысып, 8 номинация бойынша додаға түстi.

Дәстүрлi ән салу номинациясы бойынша облыстық саз колледжiнiң студенттерi Ақжол Өсербай, қылқобыз номинациясынан Рахымжан Нұрлыхан, домбыра номинациясы бойынша Дастан Ибрагим, ал, халық биi бойынша «Қаракөз» би ансамблi (М.Әуезов атындағы ОҚМУ) алтын медальға ие болса, актерлiк шеберлiк номинациясы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дiң студенттерi күмiс медальдi қанжығаларына байлады.

Аталған шараға Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен 500-ден аса жас 17 түрлi номинация бойынша қатысты.

Айта кетейік, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жастардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өтіп келеді.Мәселен, Шымкентте орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебіндегі жас ғалымдардың көрмесі, оқушылар ұйымдастырған түрлі флешмобтар, үздік оқушылардың білім сайыстары, студенттер арасындағы спорттық жарыстар осы сөзімізге дәлел бола алады. Бұл ретте ОҚО Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ісі жөніндегі орталықтың жұмысын ерекше атап өткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары