$ 439.43  473.31  4.82

Қазақ, қырғыз бiр туған...

Шымкент қаласындағы облыстық «Қоғамдық келiсiм» орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық қырғыз этномәдени бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай этностардың тiлi мен мәдениетi күнiне арналған мерекелiк кеш өттi. Келушiлер алдымен қырғыз халқының салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпынан хабар беретiн көрменi тамашалады деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" мекемесінің ОҚО-дағы филиалының баспасөз қызметі.

– Оңтүстiк Қазақстан облысында 108 ұлт өкiлi жасайтын болса, солардың арасында екi мыңдай қырғыз ағайындар да бар. Бұдан бөлек, «Автонұр» ЖШС базарында 5 мыңға жуық қырғыз азаматы еңбек мигранты есебiнде тiркелген. Бiз қазақ пен қырғыз ежелден ауылы аралас, қойы қоралас жатқан елмiз. Ата-бабаларымыз бұл өңiрге осыдан 200 жыл бұрын келген екен. Тарихи деректерге сүйенсек, бұл аймаққа үдере көшу бодандыққа қарсы наразылықтан туындаған. Сөйтiп, қазақ халқын паналауды жөн көрiптi. Алатау асып келген бiздi бауырына басып, құшағын айқара ашқан қазақ елiне алғысымыз шексiз. Бiздiң бiр ғана отанымыз бар, ол – Қазақстан! – дедi облыстық қырғыз этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы Аблай Рысбеков.

Салтанатты жиында өзге ұлт өкiлдерiнiң басын қосып, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын насихаттауға үлес қосып жүрген бiрқатар азаматтар марапатталды. Мереке соңы концерттiк бағдарламаға ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары