$ 443.85  474.3  4.8

Отырардан рухани байып оралды

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Бозарық ауыл округi ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Бекмұханбет Махатовтың ұйымдастыруымен бiр топ қария Отырар ауданында болып, қасиеттi Арыстанбаб кесенесiмен, «Отырартөбе» археологиялық ескерткiшiмен, «Отырар» музейiнiң жәдiгерлерiмен танысып, ауданның басқа да көрiктi жерлерiн тамашалап қайтты.

Б.Махатов – Отырар аудандық байланыс торабын ұзақ жылдар басқарған, көргенi мен түйгенi мол зиялы азамат. Ол қонақтарға аймақ тарихынан бiраз мағлұмат бердi. Жалпы, Отырар өңiрi тарихтың тылсым сырларына толы. Мұндағы кез келген төбе тарихтан сыр шертедi. Сапар барысында ауданда тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi жүргiзiлген жұмыстар, қол жеткен жетiстiктер кеңiнен әңгiме болды. Тарихи жәдiгерлердi көрiп, көңiл тоғайтқан қариялар шежiрелi Отырардан рухани байып қайтты десе де болады.

Отырар – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан.

Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. Отырар 5 – 15 ғасырларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Қазақ, қырғыз бiр туған...
Келесі жаңалық
Ойға құрылған той