$ 449.58  486.94  4.86

Ойға құрылған той

ОҚО Бәйдiбек ауданы Бөген ауыл округiнде ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай үлкен iс-шара өттi. Тәуелсiздiк тойын үлкен жетiстiктермен қарсы алып отырған бөгендiктерге iс-шараны ұйымдастыру арқылы тамаша тарту жасаған аудандық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және Бөген ауылдық округi әкiмдiгiне жиналғандар алғыстарын айтты.

Бөгендiктердiң қуанышына ортақтасқан облыстық мәслихат хатшысының мiндетiн атқарушы Ә.Досболов қайырымдылық iс-шараларында белсендiлiк танытып, өңiрдiң өсiп-өркендеуiне үлес қосып жүрген бiрқатар кәсiпкерлерге, атап айтқанда, «Назар» шаруа қожалығының төрағасы Н.Назаровқа, «Атамекен-Сарқырама» ЖШС-нiң төрағасы Ш.Қожабайға, «Мырзахмет-Ата» ЖШС төрағасы Ж.Тұяқбай мен «Шоңай» шаруа қожалығының төрағасы Б.Әлiмбекұлына облыстық мәслихаттың грамотасын табыс еттi. Аудан әкiмi Б.Танагөзов сөз сөйлеп, округтегi жеке кәсiпкерлер Т.Абатов, А.Бөртебаев, Д.Төребаева, «Қызыл көпiр» өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы П.Қарабасов пен «Қызыл Сеңгiр» ЖШС төрағасы М.Шегеновтi алғыс хатпен марапаттады. Өз кезегiнде аудандық мәслихаттың хатшысы М.Нақыпбеков бiлiм және медицина саласында аянбай тер төгiп жүрген Н.Сахыбекова (Абай мектебiнiң мұғалiмi), Б.Архабаев (Сарқырама ауылының мал дәрiгерi), Н.Қалыбекұлы (Шалдар ауылдық ауруханасының бас дәрiгерi), Ж.Сұлтанбеков (Бөген ауылдық округi әкiмiнiң орынбасары), Г.Қыдырәлиева (О.Орманов мектебiнiң мұғалiмi), Ә.Сұлтанбеков (Екпiндi ауылының мал дәрiгерi) және А.Досмырзаевты (Ә.Бәйменов мектебiнiң ұстазы) мәслихаттың атынан марапаттап, олардың жұмыстарына табыс тiледi. Дәл осындай марапаттауға Абай, Ә.Бәйменов атындағы мектептердiң директорлары Қ.Iзтiлеуов пен А.Жүзбаев та ие болды. Сондай-ақ, зейнеткер А.Бақтияровқа да алғыс хат пен сый-сияпат тапсырылды. Спорт саңлақтарын тәрбиелеуге мол еңбек сiңiрiп жүрген С.Бейсеновке «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Т.Дүйсенбеков сый-сияпат жасады. Тәуелсiздiктiң 25 жылдығымен құттықтаған мәртебелi қонақтар ауылдық әжелер алқасының жұмысын ерекше атап өттi.

Тәуелсiздiк тойына бүкiл ауыл тұрғындары атсалысты. Жасөспiрiм баладан егде қарияларға дейiн өнер көрсетiп, ширек ғасырда елiмiз қол жеткiзген жетiстiктердi паш еттi. Ақылгөй ақсақалдар мен ақылман әжелер арасында бата беру, өнегелi өсиет айту, халық әндерiн шырқаудан байқау өтсе, ауыл жастары түрлi спорттық жарыстардан сынға түстi.

– Қазақ халқының рухани өмiрiнде бата сөздердiң орны ерекше. Аталардың қасиеттi өсиетi – даналықтың қорытындысы, адамгершiлiктiң ереже-қағидасы iспеттес. Өскелең ұрпақты бата сөздерге мән берумен бiрге бата алуға тырысуға үйретуiмiз, баулуымыз қажет. Бата алу бақыт пен жақсылыққа жетудiң ең iзгi жолы екенiне көздерiн жеткiзуiмiз керек. Бұл байқауды өткiзудегi менiң көздеген басты мақсатым да осы, – дейдi Бөген ауыл округiнiң әкiмi А.Нақыпбеков.

Бата беру сайысында I орынға О.Махатаев, II орынға Қ.Орынбаев, ал, III орынға Т.Қатпаев секiлдi қариялар ие болды.

Халық әндерiн төгiлте орындаған ақ жаулықты апаларымыздың арасынан жүлделi орындар Шалдар, Жиенқұм, Екпiндi ауылдарының әжелер ансамбльдерiне бұйырды. Жазба ақындар сайысында бiрiншi орынға жас ақын Г.Жасан лайықты деп танылды. Сондай-ақ, қызықты да тартысты өткен шахмат, асық ату, кiр тасын көтеру, арқан тарту ойындарында озық шыққан спортшылар да жүлдесiз қайтпады.

Айта кету керек, округтегi үйлердiң ауласының тазалығына, көшенiң көрiктендiрiлуiне тойға келген қонақтар риза болып тарқасты. Бұл орайда «Үлгiлi аула» номинациясына ие болған М.Тiлеубердиев, Қ.Қамбарова, Қ.Ақмырзаев, Қ.Жидебаевадан өзгелер үлгi алса құба-құп.

Бөген ауылдық округiнде өткен Тәуелсiздiктiң тағлымды тойы – елдi бiрлiкке бастайтын игi шаралардың бiрi ретiнде есте қалды. Мұндай iс-шаралар өзге ауылдарға да үлгi болса деймiз.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары