$ 447.4  477.55  4.76

Халық қазынасының бiр бөлшегi

Мемлекеттiк тiл тәуелсiздiгiмiздiң негiзi болып табылады. Сондықтан да, оның дамуы мемлекеттiк саясаттың аса маңызды құрамдас бөлшегiне айналды. Бүгiнгi таңда, әсіресе дәл қазір еліміз өз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өткелі жатқан тұста мемлекетімізде тiл саясаты байыпты және сауатты түрде жүргiзiлiп келедi.

Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiндегi мәртебесiн көтеруге бiздiң ұжым да атсалысуда. Мұның айқын дәлелi ұжымдағы әрiптестер, тiптi жанашыр болып жүрген өзге ұлт өкiлдерi де мемлекеттiк тiлдi жетiк үйренiп, өзара қарым-қатынас жасауда қазақ тiлiн қолдануды машық еткен. Барлық қызметтiк iс-қағаздар мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Жиналыстардың, басқа да қоғамдық шаралардың, түрлi мерекелiк бағдарламалардың қазақ тiлiнде жүргiзiлiп жатқаны қуанарлық жағдай. Мұның бәрi тiлге деген құрмет деп есептеймiн.

Қазақ тiлi – өзiнiң даласындай кең пiшiлген, жайдары да жалпақ тiл. Қазақ тiлi – халық қазынасының тұтас бiр қоймасы iспеттес. Жазушы ағамыз Қабдеш Жұмәдiлов айтқандай, «Ұлттың жаны – тiлде». Сондықтан да тiлдi сақтау, оны шұбарламай таза ұстау әрбiр қазақстандықтардың борышы дер едiм.

Ол үшін әрине, ең алдымен әркім өзінен, өз отбасынан бастауы керек. Мемлекеттік тілді құрметтеу, оны дамыту баршамыздың Отан алдындағы тағы бір борыштарымыздың бірі десек, артық айта қоймаспыз.

Рахматулла ОРМАНОВ, ИЧ-167/2 мекемесiнiң емдеу бөлiмiнiң әдiлет капитаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары