$ 445.66  474.58  4.78

Тәуелсіздік жылдарында ОҚО-дағы индустриалық даму

Отандық экономикадағы маңызды мәселелердің бірі өнеркәсіпке заманауи технологияларды тарту және жоғары қосылған құнды өнім шығару болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан ашылған кәсіпорындардың, өндірістің кеңеюі және жаңа өнім түрін шығару есебінен 1999 жылдан бастап 2009 жылға дейін 339 кәсіпорында 34189 адам жұмыс орнымен қамтылған.

2003 жылы 42 өнеркәсіп кәсіпорын іске қосылып, онда 3284 жұмыс орны құрылды.

2004 жылы – 26 кәсіпорында 1903 жұмыс орны құрылды.

2005 жылы – 24 кәсіпорында 1657 жұмыс орны құрылды.

2006 жылы – 35 кәсіпорында 2145 жұмыс орны құрылды.

2007 жылы – 20 кәсіпорында 1669 жұмыс орны құрылды.

2008 жылы іске қосылған 18 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 845 жұмыс орны ашылды.

2009 жылы – 33 кәсіпорында 1346 жұмыс орны құрылды.

2010 жылдан бастап осы күнге дейін облыста үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының аясында 143 кәсіпорында 12869 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының қорытындысы бойынша өңірде жаңа өнім түрлері игерілген: олар, кілем, жоғары маркалық цемент, ПВХ-профиль, битум, полианион целлюлозасы, құрылыстық әйнектер, үндік етінен жасалған тағамдар, мотор майлары, шынылар, полиетилендік құбырлары мен басқада бұйымдар, вакуумдық пробиркалар, қағаздар мен гофрокартон, насостар, химиялық тұрмыстық тазартқыш құралдар, медициналық қондырғылар мен бұйымдар, дәрі-дәрмектер және тағы басқа өнімдер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары