$ 448.56  478.03  4.79

Елдiгiмiздiң басты белгiсi

Биыл – ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы. Осы ширек ғасырда мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеруде көптеген жұмыстар атқарылды.

Ана тiлiмiзге қашанда жанашырлық танытып жүретiн Елбасының: «Қазақстанның болашағы – қазақ тiлiнде», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн», «Бүкiл қазақстандықтардың басын бiрiктiретiн басты фактор – мемлекеттiк тiл, қазақтардың туған тiлiн дамыту үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмсауымыз керек» деген сөздерi бар.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тiлдердiң үш тұғырлығы туралы ойды 2006 жылдан берi айтып келедi. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тiлдердiң үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңмен iске асыруды ұсынды. Ал, 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкiмет «Тiлдердiң үш тұғырлығы» мәдени жобасын iске асыруды жеделдетуi тиiс. Бүкiл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн оқыту сапасын арттыру қажеттiгiне ерекше назар аударғым келедi» деп атап өттi. Осы мақсатта бүгiнгi күнi қаншама бағдарламалар қабылданып, олардың басым көпшiлiгi жүзеге асып үлгердi. Барлық мемлекеттiк қызметкерлер оқытылып жатыр. Солардың бiрi, бiздiң ОҚО бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ИЧ 167/11 мекемесi қызметкерлерi де мемлекеттiк тiлдердi оқыту орталығы мамандарынан дәрiс алып тұрады. Биыл орталық ұстаздары мекеме қызметкерлерiнiң барлығын дерлiк оқытып, емтихан қабылдады. Қызметкерлер толығымен тесттен өттi.

М.КЕРIМБЕКОВ, ОҚО бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ИЧ 167/11 мекемесiнiң жасақ бастығы, әдiлет капитаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары