$ 447.4  477.55  4.76

Қамкөңiл жандарға қуаныш сыйлады

Мүмкiндiгi шектеулi жандардың жағдайын жақсарту –Қазақстандағы әлеуметтiк саясаттың басты бағыттарының бiрi. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мүмкiндiгi шектеулi жандарға жан-жақты қолдау көрсетiп, оларды белсендi тiрлiкке тарту, жұмыспен қамтуға қатысты шаралар арнасын кеңейту жөнiнде нақты тапсырмалар берген болатын.

Тағдыр тәлкегiмен мүгедек атанған жандардың арасында қайсар мiнезiмен, өр рухымен қиындықты еңсерiп жүргендерi де жетерлiк. Өздерi арбаға таңылса да спортты жанына серiк еткендерi қаншама?! Мiне, сондай жандарға қолдау көрсету мақсатында жуырда облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай өткiзiлген «Жан шуағы» акциясына облыстық және Шымкент қалалық мәслихатының 6 депутаты қатысып, демеушiлiк танытты. Қолы ашық, жүрегi жомарт азаматтардан жиналған 3,8 миллион теңгеге 7 қоларба сатып алынған. Оның алтауы – спорттық, бiреуi – электронды қоларба. Сонымен қатар, облыстағы мүмкiндiгi шектеулi жандардан құралған волейбол командасы спорттық киiм және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлдi. Бұдан бөлек, оларға 4 компьютер, 13 қысқатолқынды пеш сыйға тартылды.

Демеушiлердiң арасында облыстық мәслихаттың депутаттары Қ.Балабиев, Қ.Молдасейiтов, Д.Ахметов, Н.Әбiшов, М.Төлтебаев және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Б.Сейiтжановтың есiмдерiн атап өткенiмiз жөн. Қамкөңiл жандарға қуаныш сыйлап, олардың спортпен шұғылдануына мүмкiндiк жасаған халық қалаулыларына облыс әкiмiнiң Грамотасы мен облыстық прокуратураның Алғыс хаты тапсырылды.

Қайырымдылық – адамгершiлiк белгiсi. Тағдыр тәлкегiне ұшырағандардың көңiлiндегi кiрбiңдi бiр сәтке болса да сейiлткен жомарт азаматтарға көпшiлiк дән риза.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары