$ 443.85  474.3  4.8

Ақсукент ауылы ажарланады

ОҚО Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылы ажарлана түсетін болды. Бұл жергілікті билік өкілдерінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жасап отырған сыйы.

Аудандық әкiмдiктiң мәжiлiс залында аудандық сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң ұйытқы болуымен қоғамдық тыңдалым өттi. Жиынды аудан әкiмiнiң орынбасары Ержiгiт Шәрiпбеков жүргiздi. Жиылған жұртшылық пен мүдделi қоғамдық өкiлдер алдында Алматыдан арнайы ат басын бұрған «Казгипроград» – 1 жобалау институты» ЖШС-нiң мамандары түсiндiрме жасады.

Атап айтқанда, аталған мекеменiң бас сәулетшi-жобалаушысы Светлана Рябых, экология жөнiндегi бас маман Жанна Заридзе, серiктестiк директорының орынбасары Александр Буреломов Сайрам ауданының 2003 жылы жасалған бас жоспарының мерзiмiнiң өтуiне байланысты оны қайта пысықтап, жаңадан түзу қажеттiлiгi жөнiнде әңгiмеледi.

– 2003 жылы жасалған бас жоспар бүгiнгi талапқа сай келмейдi. Осыған орай, оған толықтырулар мен өзгертулердi енгiзе отырып, қайта әзiрлеу қажет. Аудан орталығы – Ақсукент ауылының жаңа бас жоспары жыл соңына дейiн дайын болады, – дейдi аудандық сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң басшысы Бахромжан Момынжанов.

Ауданның бас сәулетшiсi алдағы кезде 230 гектарға көпқабатты үйлер бой көтеретiнiн жеткiздi. Атап айтқанда, 5 қабатты 52 үй, 4 қабатты 113 үй, 3 қабатты 57 үй салынбақ. Әрине, келешектегi жаңа шағынаудан аумағынан 7 балабақша, 3 iргелi мектеп, 1 жасөспiрiмдер мен жастар орталығы, 2 емхана, 2 стадион, бiр клуб, 1 өрт сөндiру мекемесi бой түзеп, көпшiлiктiң игiлiгiне берiледi.

Айта кетерлiгi, болашақта салынатын жаңа үйлерде 7 мың тұрғын қоныстойын тойлайтын болады. Яғни 2030 жылға қарай Ақсукент ауылы мәдени-әлеуметтiк, тұрмыстық нысандармен одан әрi ажарлана түспек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары