$ 446.49  475.38  4.79

«Менiң Қазақстаным – менiң жүрегiм!»

Оңтүстiк Қазақстан облыстық «Ахыска» түрiк этномәдени бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен Шымкентте «Менiң Қазақстаным – менiң жүрегiм!» тақырыбында мерекелiк iс-шара өттi.

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған салтанатты шараға облыс әкiмiнiң орынбасары Ұласбек Сәдiбеков, облыстық мәслихат хатшысының мiндетiн атқарушы Әбiлқасым Досболов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлi Қалмұратов қатысты. Жиында қоғамдық келiсiм мен бiрлiктi нығайтуға облыстық түрiк этномәдени бiрлестiгiнiң де сүбелi үлес қосып келе жатқаны сөз болды.

Мерекелiк шарада бiрлестiктiң белсендi мүшелерi облыс әкiмiнiң Алғыс хатымен, облыстық мәслихаттың Грамотасымен және «Ахыска» түрiк этномәдени бiрлестiгiнiң Алғыс хатымен марапатталды. Жүздеген ұлт пен ұлысты құшағына сыйдырған Оңтүстiк Қазақстан облысында бүгiнде 70 мыңға жуық түрiк этносының өкiлi тұрады. 1989 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқан түрiк этномәдени бiрлестiгiнiң жанынан жексенбiлiк мектеп, жастар қанаты мен ақсақалдар кеңесi құрылған. «Або», «Яшлар» ансамбльдерi облыс көлемiнде өткiзiлетiн мәдени шараларда өнер көрсетедi.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Сан басымдығы жағынан өзбек және орыс этносының өкілдері көп. Сондай-ақ, өңірде тәжіктер, күрділер, ұйғырлар, татарлар, немістердің де өкілдері көптеп шоғырланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары