$ 444.22  476.38  4.82

Ордабасыда оңды iстер көп

Ордабасы ауданы ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерi таяуда жылдағы дәстүр бойынша «Алтын күз» мерекесiн атап өттi. Диқандар мен фермерлер бұл күнi өздерiнiң ала жаздай еткен еңбектерiнiң қорытындысын шығарды десе де болады. Олар бұл күндерi өздерi өндiрген өнiм түрлерiн тұрғындарға базар бағасынан арзан бағаға сатты. Жәрмеңкеге келгендер, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникалары мен асыл тұқымды мал түрлерiн де көрiп, тамашалады.

Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылында даму жолына түскен ордабасылықтар «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру негiзiнде 1066 iрi қара, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2903 уақ мал өсiруде. Асыл тұқымды мал санын көбейту бойынша да айтарлықтай оңды iстер атқарылуда. Мәселен, дәл қазiргi таңда ордабасылықтар 741 асыл тұқымды жылқы өсiрiп отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрумен айналысушылар да көбейе түскен. Биыл 30259 тонна бидай, 15028 тонна мақта, 68650 тонна көкөнiс, 43500 тонна бақша өнiмдерi жиналды. Әр ауылдың өз ерекшелiгi ескерiлiп, 5 өндiрiстiк кооператив құрылды. Алдағы уақытта ауылдық округтерде МТС-тер ашу жоспарлануда. «Александров бауы» ЖШС еңбеккерлерi тамшылатып суару әдiсi бойынша 17 гектарға жемiс ағаштарын отырғызып, 30 адамды жұмыспен қамтамасыз еттi. Келесi жылы Төрткөл, Қарақұм, Бөген, Жеңiс ауылдарында мақта өсiрудi 9000 гектарға жеткiзу қолға алынбақ. Сондықтан суармалы жердiң жағдайын жақсарту үшiн 187 тiк дренаж iске қосылмақ.

Еңбек көрiгiн қыздырып, әрiптестерiнен әлдеқайда мол өнiм жинаған еңбеккерлердi аудан әкiмi А.Мамытбеков құттықтап, Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс еттi.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары