$ 443.85  474.3  4.8

Сарыағашта тағы бір бөбекжай пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерекесi аясында Сарыағаш қаласының «Самал» шағынауданындағы №30 бөбекжай балабақшасы пайдалануға берiлдi.

Нысанның ашылу рәсiмiне аудан әкiмi Қ.Әбдуалиев, «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары П.Тұрсынбаев, аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ж.Сүлейменов қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды.

320 орынды балабақшаның құрылысына республикалық бюджеттен 529 млн. 988 мың теңге бөлiнген. Заманауи үлгiде салынған балабақшада бүлдiршiндерге барлық жағдай жасалған.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттiк, 162 жекеменшiк балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс iстеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейi бүгiнде 83,4%-ды құрап отыр. 

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында ондаған нысан пайдаоануға беріледі деп күтілуде. Олардың дені балабақшалар мен мектептер. Сонымен қатар, денсаулық сақтау нысаны мен ардагерлер үйі де бар. Бұдан бөлек облыстың бірнеше ауданындағы елдімекендерге дәл осы мереке қарсаңында көгілдір отын қосылады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары