$ 444.22  476.38  4.82

Бишiлер қазығұртта бас қосты

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәдениет үйiнде би ұжымдары мен үйiрмелерiнiң жетекшiлерiне арналған «Бұраңбел» облыстық семинар-кеңесi өттi. Аталған іс-шараны облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, Қазығұрт аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi ұйымдастырды. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жлдық мерейтойына арналған.

Мәдениет үйiнiң фойесiне кiтап көрмесi қойылып, «Таңшолпан», «Жұлдыздар» би ұжымдарының жетiстiктерi жайлы бейнекөрiнiс көрсетiлдi. Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлiм меңгерушiсi Мұратбай Нұрмағамбетов, Қазығұрт аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң меңгерушiсi Әбубәкiр Жаншуақов iс-шараның маңыздылығына тоқталып, өнер ұжымдарының жұмысына табыс тiледi. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дiң «Өнер» кафедрасының меңгерушiсi Балжан Тiлеубаева би өнерiнiң жастар тәрбиесiндегi орны және жетекшiлердi кәсiби жетiлдiру әдiстерi бойынша студенттерге шеберлiк сабағын өткiздi. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дiң студентi, Ақтөбе қаласында өткен «Бидiң нұры – Нұрсұлу» III республикалық байқауында 2-орын алған Маржан Сәрсенбек «Қазақ биiн» орындады. Қазығұрт аудандық мәдениет үйiнiң мәдени iс-шара ұйымдастырушысы Гүлнәр Кәкеева, режиссер Сайрамбек Дүйсембаев өз тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Семинарда аудан өнерпаздары «Ауданымыздың мақтанышы – халық таланттары» атты концерттiк бағдарламасын назарға ұсынды.

Майра ҚАРАТАЕВА, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының маманы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары