$ 446.49  475.38  4.79

Ота сәтті өтеді!

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында, 11 желтоқсан күні Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Мәди Бигалиев өзінің 60 жылдық мерейтойын тойламақ.

Оны жалпақ жұртшылыққа таныстырып жатудың өзі әбестік болар. Мәди Хожаұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары дәрежелі хирург-дәрігер. Мәди Бигалиевтің медицинада «алтын қандауыр» деген бейресми аты және бар, ол жүздеген сәтті отаның авторы. Оның тікелей қатысуымен облысымызда асқазан-ішек жолдарын қайта қалпына келтіру, бауыр алмастыру оталары жасалып келеді. Бигалиев өңірімізде трансплантациялық қызметтің пайда болуы мен дамуына бірден-бір себепкер адам. 

Қазіргі таңда ШҚЖМКА базасында Мәди Хожаұлының басшылығымен бүйрек және бауыр трансплантациясына арналған 72 ота жасалды. Енді облыс тұрғындары күрделі ота жасату үшін Астана, Алматы немесе шетелдерге бармаса да болады. 

Мәди Бигалиевтің ота үстеліндегі тәжірибесі 33 жылдан асады. Осы уақыт аралығында ол 8 мыңға жуық күрделі ота жасаған. Ол көптеген жоғары дәрежелі марапатқа ие, соның ішінде қазан айында медицинаның дамуына қосқан үлесі үшін Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының алтын медалін ерекше атап көрсетуге болады. Ал өткен жылы Мәди Хожаұлы «Алтын қандауыр» номинациясына ие болды. 

ШҚЖМКА ұжымы Мәди Хожаұлын шын жүректен мерейтойымен құттықтайды! Біз әріптесімізге зор денсаулық пен отбасылық бақыт, кәсіби табыс тілейміз!

"Шымкент келбеті".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары