$ 446.49  475.38  4.79

Тәуелсіздік – бабадан қалған аманат

Береке, бірлікке, тындырымды тірлікке бастайтын Тәуелсіздік тойының думаны әлі басылған жоқ. Шардаралықтар бұл тойды жаңа басшымен, жаңа үмітпен өткерді. Жоспар-жобалар бойынша кеңесіп, елді табысты елужылдыққа бастайтын істерге үндеді.

Елу жылда – ел жаңа.  Жарты ғасырға жуық тарихы бар Шардараның жұрты бұл тойда даналықты Абайдан бастап, хакім атындағы мәдениет үйінде ауданның кешегісі мен бүгінін байланыстыратын кітап, сурет және қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен жолы өскелең ұрпаққа үлгі етілді.

Болат Қыстауов – Шардара ауданының әкімі

Қазақстан ТМД арасында тұңғыш болып, ынтымақтастықтың Еуразиялық көпіріне айналып, беделді халықаралық ұйымдар – Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастық, Ислам ынтымақтастық және Түркі кеңесі сияқты ірі халықаралық ұйымдарда табысты төрағалық етті. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып тәуелсіздіктің 25 қарсаңында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету... Ел мемлекеттің осы сияқты қамқорлықтарынан кенде қалмауда. Бұл мүмкіндіктерді игілігіне жаратқандар - бүгінде өз ісінің майталмандары. Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада сол азаматтар марапатталды.

Түймебай Әлменов – Шардара ауданының тұрғыны

Еліме рахмет, халқыма рахмет осындай құрылып, бүгінгі күні еліміздің 25 жылдық тойын иойлап жатырмыз. Міне қазіргі Елбасының саясатымен біз үлкен жетістіктерге жеттік. Мұның барлығы біздің Елбасымыздың салауатты саясатының арқасында. Еліміз өсіп, өніп бүкіл дүние жүзіне тарап алдыңғы қатарда келе жатырмыз.

Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Шырқалған әрбір патриоттық ән жастардың жүректеріне ұлтжандылық нұрын құйып, бостандық пен тәуелсіздіктің қымбат қуаныш екенін жеткізгендей.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары