$ 446.49  475.38  4.79

Қариялар Мәуліт пен Тәуелсіздік мейрамдарының қатар келуін жақсылыққа балап отыр

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданы Ақбастау ауылының жамағаты Мәуліт мейрамын тойлады. Қасиетті айда ауылдың кәрі-жасы рухани кеште бас қосты. Жиында тәлім-тәрбие, салт-дәстүріміз жайында көркем әңгіме өрбіді.

Мәуліт мейрамы Пайғамбарымызға мадақ айтудан басталды. Құран сүрелері оқылып, хадистен сыр шертілді. Ата дініміз ардақталып, баба дәстүрі насихатталды. Мұндай жиынның өскелең ұрпаққа берері мол, - дейді дін қызметкерлері.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келген діни  мейрам жамағатқа қос қуаныш сыйлап отыр. Ауыл қариялары бұл бастаманы жақсылыққа жорып отыр.

Мұсылман қауым бас қосқан жиында діни әндер де шырқалды. Айтыскер ақындар жамағаттың игі бастамасын жырға қосты. Балаларға тәтті тағам таратылып, ас берілді. Қос қуаныш ақбастаулықтардың жанын тазартып, көңілін серпілтті.

Мәуліт мейрамы — пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тұған күнін тойлау рәсімі. Бұл мереке Рабиғ әл-әууәл айының 12-күні тойланады. Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келетін рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Барлық пайғамбардың үмметі өз пайғамбарларының туған күнін тойлайды. Бұл қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәуліт туған сәт дегенді білдіреді.Пайғамбарымыз мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары