$ 446.49  475.38  4.79

«Балауса» - бақытты балалықтың мекені

Тәуелсіздікке тарту! Елбасы жолдауларында мектепке дейінгі мекемелермен қамту ісі айрықша көрініс тапқан. Міндетті меже Оңтүстік Қазақстандағы Шардарада қызу қолға алынған. Аудандағы «Балауса» балабақшасы - балғындардың жайлы мекеніне айналды. Мемлекеттік бағдарлама аясында ескі ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, заманауи түрде қай түледі.

Бұл нысан ілкіде әскери бөлімнің шағын заставасы еді. Бір кездері темірдей тәртіп орнаған сарбаздардың сүйікті мекені - енді бөбектердің ыстық ұясы. Жайлы, жарық, жылы бөлмелер. Заманауи құрылғылар. Бүлдіршіндердің мінсіз шат күлкісіне толған бөбекжай 120 орынға лайықталған.

Эльмира Қалмырза – «Балауса» балабақшасының меңгерушісі:

- Аудандық, облыстық «Айгөлек» балалар арасындағы байқаудың ауданда бас жүлде жеңіп алдық 2015-жылы, одан облысқа жолдама алып облыстан да бас жүлде жеңіп алдық. Биыл 2016-жылы І орынға ие болдық. Ол біз үшін үлкен қуаныш, үлкен жетістік деп білеміз. Сонымен қатар, аудан көлемінде өтіп жатқан мектепке дейінгі ұйымдардың арасында өткізіліп жатқан іс-шаралардың барлығына белсене қатысып, әрдайым жоғары биіктерден көрініп жүрген жағдайымыз бар. Ол жалғыз менің емес осы ұжымның, тәрбиешілердің, тәрбиеші көмекшілерінің еңбегі деп білеміз.

Құрылыс жұмысына 35 млн. теңге қаржы жұмсалды. Орталықтандырылған жылу жүйесі, бүлдіршіндердің ойын алаңшалары, төсек орындары – бәрі де талапқа сай. Кадр мәселесі де түбегейлі шешілген.

Бүгінгі бүлдіршін - ел ертеңі. Халық сенім артқан мемлекет келешегі. Жас өскінге берілетін тәрбие мен білім тал бесіктен басталады. Ал, адами ресурстың толыққанды қамтамасыз етілуі – болашаққа салған инвестиция іспетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары