Нұрлы жол 20.12.2016 сағат 09:54

Еңбек ескерусіз қалмайды

Демалыс күндері Сауран мөлтекауданы тұрғындарының қуанышы еселеніп, мұнда табиғи газ берілді. Айтулы мерекеде  бірқатар азаматтар марапатқа ие болды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бибісара Сауранбаева – мұғалім

Мынау мереке қарсаңында ұстаздар «Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталса, біздер міне, ықылас Грамотасын иемденіп отырмыз. Алғысымыз шексіз, еліміз өссін, өркендесін.

Торқалы той қарсаңында марапатқа ие болғандардың ұзын саны 50-ге жетеді. Олар - Түркістанның түлеуі мен әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне өзіндік үлес қосқан белсенділер. Айтулы мерекеде сөз алған шаһар басшысы жерлестерін ширекғасырлық мерекемен құттықтады.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Тәуелсіздік - бабалар арманы, бүгінгі жастардың міне, қуанышы. Біз осы бақытты бағалай алуымыз керек. Бүгінгі марапаттар құтты болсын, ел аман жұрт тыныш босын, Қазақстан мәңгі жасасын.

Торқалы тойда көңілі шаттанғандардың тағы бірі  - Бибіажар Дүйсебаева. 70-тегі кейуана тұратын мекенге табиғи газға берілді.  «Кейінгі  толқын біраз қиындықтан құтылды. Немерелерім жылы үйде асыр салатын болды, - деп шаттанады.

Бибіажар Дүйсебаева – Түркістан қаласының тұрғыны

Келіндеріміз, балаларымыз бәріміз ризамыз. Ойбой, мұндай жақсылықты бұрын көрмедік. Күл шығарып, от жағып жатушы ек, міне, ол күн артта қалып отыр. Ел басқарып отырған азаматтар аман болдсын, ел тыныштығын берсін.

Бүгін Сауран мөлтекауданының 150 шаңырағы табиғи газбен қамтылса, тағы 7500 абонент кезек күтіп тұр. Алдағы уақытта Бекзат мөлтекауданындағы тағы 8 мыңға жуық баспана көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар