$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте бизнес-кітапхана ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңынла Шымкентте бизнес өкілдеріне арналған кітапхана ашылды. Онда өз кәсібін бастағысы келгендер үшін құнды кітаптар бар.

«Қаржы табудың жолдары», «Бизнестің мақсаты» және «Супер жады». Бұлар — белгілі психологтар мен қалталы бизнесмендердің кітаптары. Барлығы 50-ге жуық кітаптың көбісі Қазақстанда басып шығарылмайды. Дегенмен, енді шымкенттің оқырмандар үшін қолжетімді. Мұндай бизнес-кітапхана негізін қалау идеясы Алматы менеджмент университетінің түлектеріне тиесілі.

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы:

«Біз, Алматы университетінің алғашқы түлектері, өзара жиналып, кейінгі оқуға түскендерге сыйлық жасауды ұйғардық. Бұл — тек бастамасы ғана».

Ғазизбек Натбаев, ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

«Білім алу — бизнес үшін, экономиканың дамуы үшін аса маңызды. Ол жаңа мүмкіндіктер береді. Мына 50 кітаптың көбісі Қазақстанда басып-шығарылмайды. Негізінен орыс тілінде жазылған. Алдағы уақытта қазақ тілінде де басып-шығарылады деп үміттенеміз».

Университетті алғаш болып 12 кәсіпкер тәмамдап шықты. Олардың арасында құрылыс, мұнай және сүт компанияларының жетекшілері бар. Олар екі жыл бойы алдарына мақсат қойып, бизнесін дамытуды, әдеттегіден өзгеше шешімдер қабылдауды оқып-үйренді.

Ал, кәсіпкер болғысы келіп, бірақ үйрену үшін бірнеше жылын университет қабырғасында өткізгісі келмейтіндерге мына кітапхана нағыз іздегенге сұраған болып тұр. Тіпті, өзгенің тәжірибесіне қарап, қателік жібермеудің жолдары да қарастырылған. Идея авторларының мақсаты ақша табу емес екені белгілі. Басты мақсат – қазақ жастарының арасында миллионерлердің көбеюі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары