$ 446.49  475.38  4.79

Арыста 25 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Арыс қаласында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Мәселен, жыл басынан бері 2 мектеп, 1 көпір, 1 балабақша мен 1 спорттық нысан ашылды.

Ал, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі күні қалада 25 әлеуметтік нысан ашылып, тұрғындарға пайдалануға ұсынылды.

Атап айтқанда 1 мектеп, 1 ауыз су жүйесі, 2 шағын бақ, 8 балалар ойын алаңшасы мен 13 заманауи спорт алаңшалары халық игілігіне қолданысқа берілді.

Аталған нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, облыстық мәслихат депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаевтар қатысып, арыстықтардың қуанышымен бөлісті. Шара барысында жиылған жұртшылыққа қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Осы тұста арыстықтар Егемендігіміздің тұғырлы болуын тілеп, ширек ғасырда еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбегі үшін Елбасыға алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы Арыс қаласында дендрарий саябағы ашылған болатын. Шымкент тас жолы бойынан бой түзеген дендросаябақтың аумағы 12 га алқапты құрайды. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталған. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Ж.Түймебаев арыстықтарға естелік ретінде шырша ағашын егіп, жергілікті халықты осы саябаққа кемінде бір түп ағаш егуге шақырды.

Аталған бақта бүгінгі таңда ағаш көшеттерінен 10 мың түп жасыл желек өсірілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары