$ 447.4  477.55  4.76

Манифест – бүкіл әлемнің бейбітшілік бағдарламасы

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі – жаһандық кеңістікте қырып-жоятын зұлмат қарудың таралуын тежейтін бірден-бір құжат болды. «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн акциясы аясындағы «Ядролық қарусыз әлем» жалпыұлттық атаулы күнге байланысты «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залында «дөңгелек үстел» өтті. Шараға зиялы қауым, облыстық этно-мәдени бірлестіктің өкілдері және жастар қатысты.

– Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның жерінде ядролық қарудың ірі қоры мен сынақ полигондары қалып қойды. Дегенмен, Қазақ Елі Тәуелсіздіктің алғашқы жылында-ақ жер бетіндегі тіршілік атаулыны жойып жіберетін зұлмат қарудан өз еркімен бас тартып, ядролық полигондарды жабу туралы өткір шешім қабылдады. Қай жағынан қарасақ та, бұл өте ұтымды шешім еді. АҚШ астанасы Вашингтонда өткен әлемдік саммитте ҚР Президентінің: «XXI ғасырдағы соғыста жаппай қырып-жоятын ядролық, химиялық және биологиялық қарулар қолданылады. Ол қақтығыста ешкім жеңімпаз болмайды», – деп тоқетерін айтып, әлемдік көшбасшыларға өз үндеуін жеткізуі адамзаттың келешек тағдырына алаңдаушылық білдірген еді, – деді «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Ербас Өтегенов. 

Ендігі жерде Халықаралық қауымдастық Елбасы ұсынған бағдарламаның жүзеге асуына бір кісідей жұмылуы тиіс. «Дөңгелек үстел» жиынында бас қосқан қауымның ортақ ойы осы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары