$ 447.4  477.55  4.76

Мәдениет саласын дамыту – маңызды міндет

Мәдениет және өнер ұйымдарының алдағы уақытта ұйымдастырылатын кең көлемді бағдарламалары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналады. Іс-шаралар жоспары қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Жиында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов баяндама жасады. 

Баяндамашы келтірген мәлімет бойынша, ағымдағы жылы 80-ге жуық мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ел егемендігінің 25 жылдығына арналған «KZ-25» және «Мен елімді сүйемін» акциялары өткізіліпті.

– Бүгінге дейін, қала аумағына қосылған елді мекендердегі 10 мәдениет үйінде 125 іс-шара ұйымдастырылып, мәдениет және спорттық бағыттағы 19 үйірмеге 125 жасөспірім мүшелікке қабылданған. Қазіргі таңда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 18 танымдық клуб пен үйірме жұмыс атқаруда, – дейді Мұрат Серікбайұлы.

Өз кезегінде, қала әкімі сала мамандарына зообақ, мәдениет үйлері, кітапханаларда тұрғындар үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау қажеттігін айтып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Шымкент зообағында қайта жаңғырту жұмыстары бойынша «Тау» экспозициясы мен «Африка» аумағының, «Тұяқтылар» бөлімінің құрылыс жұмыстары, инженерлік-коммуникациялық жүйелері мен су ұңғымасы, ішкі электр қуаты, газбен қамтамасыз ету жүйелері жүргізілуде.

Сонымен қатар, қала әкімі «Шымкент қаласының 2017 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту» жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ғ. Әбдірахымов күн тәртібіндегі мәселенің маңызы жоғары екенін айта келе, алдағы уақытта тиісті жұмыстардың атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеп, орындалу барысын өз қадағалауына алатынын айтты.

«Шымкент келбеті»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары