Нұрлы жол 01.12.2016 сағат 11:26

Елбасымен бірге еңсе көтерген ширек ғасыр

Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні. Еліміз егемендік алғаннан бергі аз ғана уақыт ішінде Елбасының басшылығымен ғасырлар бойы арман болған жетістіктерге қол жеткізгенін, ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдістерін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасағанын ескерсек, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін белгілейтін мемлекеттік мерекенің болуы заңдылық.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елбасы мемлекетіміздің заман ағымына сай, өркениетті бағытта дамуын ұзақ уақытқа және қысқа мерзімдерге негізделген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүйелілікпен жүзеге асырып келеді. Мәселен, «Қазақстан-2030» Стратегиясы барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейді. Ал Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттары айқындалып отырады.

Жиырма бес жыл ішінде Елбасы Қазақстанды саяси байланыстары мен ішкі дамуы, ұлттың рухани жаңғыруы мен әлемдік беделге ие болуы тұрғысында еш заманда болмаған жаңа деңгейге көтерді.

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірегейі – шекарамыздың шегенделуі. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей жеке беделі мен күш-жігерінің және мемлекетіміздің халықаралық саясатын дұрыс бағытта жолға қоюының арқасында мүмкін болды. Осы тұғырлы саясат пен биік бедел бүгінде республикамыздың қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысуына, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен үйлесімді стратегиялық әріптестік қарым-қатынас орнатуына да жол ашып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемдік аренадағы ең ірі саяси тұлғалардың бірі. Оның соңғы жиырма бес жыл ішінде көтерген жаһандық саясатты қамтитын бастамалары әлемдік саясатқа ірі бетбұрыстар әкелді.

Алысты болжайтын кемеңгер саясаткер Н.Назарбаев ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Қазақстан абстрактілі геосаяси идеялар мен құрғақ ұрандардың емес, экономикалық мүдделер мен интеграциялық үдерістердің басты қозғаушысы болуы керек деген мақсат қойды.

Елбасы бастамаларының қай-қайсысының да жоғары деңгейде жүзеге асып, халықаралық қоғамдастықтан қолдау тауып жатқаны халқы үшін қуаныш.

Мәселен Парижде өткен EXPO Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-сессиясында EXPO-2017 халықаралық көрмесі Астана қаласында өтетін болып шешіліп, Қазақстанның осы шараны өткізу құзырын жеңіп алуы еліміздің әлем алдындағы абыройын тағы бір аспандатты. 

Қазақстан халқы өздерінің тағдырына тәуелсіздікті баянды ету жолындағы қызығы мен қиындығы мол алмағайып заманда әлемдік ауқымда ойлайтын, бүгінгі күннің тамырын дәл басып, ертеңгі күнді ондаған жылдар бұрын бағамдай білетін Нұрсұлтан Назарбаевтай дана мемлекет басшысының тап келгеніне қуанады. Сондықтан да 1 желтоқсан – Қазақстан Рес-публикасының Тұңғыш Президенті күні – бүкілхалықтық мереке.

Дина БОТАН,
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әділет 
басқармасының басшысы,
Қазақстан заңгерлер Одағы РҚБ-ң 
ОҚО филиалының мүшесі

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар