$ 444.32  473.33  4.76

Кентау бiр жасанып қалды

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында Кентау қаласы 61 жылдық мерекесiн атап өттi. Апта бойы өткен iс-шаралар барысында велошеру мен жүгiру марафоны ұйымдастырылды. Ащысай ауылында күрделi жөндеу жұмыстарынан өткен ауылдық клуб пен спорт кешенi пайдалануға берiлдi. Алдағы уақытта қос нысанда түрлi үйiрмелер жұмыс iстеп, спорттық мәдени-көпшiлiк iс-шаралар өтетiн болады.

Ал, сенбiде кентаулықтар қала күнi мерекесiн атап өттi. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi ұйымдастырылып, шаруа қожалықтары өнiмдерiн арзан бағада тұтынушыларға ұсынды. Жергiлiктi кәсiпкерлер де өз өнiмдерiн көрмеге қойды.

Қала күнiне арналған салтанатты iс-шаралар «Ынтымақ» алаңында өттi. Жастар қазақ күресi, арқан тарту, кiр тасын көтеру, тоғызқұмалақ, шахмат, қол күресi секiлдi спорттық жарыстардан бақ сынады.

Сәнi мен салтанаты жарасқан сахнада қала әкiмi Әбдiбақыт Мақұлбаев шаһар тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады. Қалаға еңбегi сiңген бiрқатар азаматқа «Кентау қаласының құрметтi азаматы» атағы берiлдi. Кентаудың әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосқан жандар «Қала жанашыры» төсбелгiсiне ие болды. Қызмет бабында үздiк болғандар қала әкiмiнiң Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, Кентаудың тарихы, бүгiнi мен ертеңi жайында өткен шығарма және бейнесюжет байқауының жеңiмпаздары анықталды.

Орталық алаңда орналасқан жетi киiз үйде ас берiлiп, концерттiк бағдарламалар ұйымдастырылды. Кешкiсiн қала тұрғындары мен қонақтар гала-концерттi тамашалады. Өнерпаз жастардың орындауындағы әсем әндердiң барлығы да Кентаудың құрметiне арналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары