$ 498.55  524.28  4.75

ОҚО-да соңғы 25 жылда мемлекет есебінен 1046 нысан тұрғызылған

ОҚО-да Тәуелсіздігі жылдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 1046 нысанның құрылысы жүргізілген. Атап айтқанда, білім саласы 519, денсаулық сақтау саласы 348, әлеуметтік қамту 8, спорт 22, мәдениет 22, мемлекеттік орган 20 және өзгеде 127 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған дағдарысқа қарсы іс-шаралардың негізгісі – «Нұрлы жол» бағдарламасы. Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдар аралығын қамтитын бұл бағдарлама бірнеше бағыттан тұрады. Жылумен, ауызсумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелерін жаңғырту және қайта құру жұмыстары бірінші бағытқа негізделсе, екінші бағыт тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуды көздейді. Үшіншісі, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруге арналған.

Өткен жылы Ұлттық қордан бөлінген 160,8 миллион теңгеге Шымкентте 324 пәтерлі 9 қабатты үйдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілсе, биыл бұл бағыттағы жұмыстың көлемі әлдеқайда ұлғайған. Соның бір дәлелі, облыста биыл 26 мектеп, 1 балабақша, 1 жатақхана, 11 инфрақұрылымдық жүйе, 11 тұрғын үй — барлығы 50 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы объектілерді тұрғызуға қазынадан 20 млрд. 194,7 млн. теңге бөлінді. 50 нысанның 10-ы 2015 жылдан бастап салына бастаса, қалғаны — құрылысы биыл қолға алынған жаңа объектілер. Іргетасы былтыр қаланған 10 нысан, яғни 9 мектеп пен 1 балабақша ғимараты құрылыс кестесіндегі мерзімге сәйкес биыл пайдалануға берілді. Осынау ілкімді істер мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі қолдау шараларының аясында атқарылуда. Мәселен, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында 3,8 мың шаршы метрді құрайтын 35 пәтерден тұратын 9 қабатты жатақхана бой көтеруде. Сондай-ақ, «Тұрғын үйлерді инженерлік жүйемен қамтамасыз ету» бағдарламасы негізінде 5,2 млрд. теңге қаржыға Түлкібас, Қазығұрт, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Түркістан, Шымкент қалаларындағы 11 көпқабатты үйдің инженерлік жүйелері жаңғыртылды. Ал, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 558 пәтерлі, жалпы алаңы 32 мың шаршы метрді құрайтын көпқабатты 11 үйдің құрылысын бастауға 1 650 млн. теңге бөлініп, мердігерлермен тиісті келісімшарттар жасалынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары