Нұрлы жол 10.11.2016 сағат 05:07

Түлкiбас туризммен танылады

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерекесiн тойлауға аз ғана уақыт қалды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудандар мен қалалар ұлық мейрамды толымды табыстармен, жақсы нәтижелермен лайықты қарсы алуға ұмтылып отыр. Аймақтық коммуникациялар қызметiнде «Тәуелсiздiк жетiстiктерi» тақырыбында өткен брифингтi алдымен Түлкiбас ауданының әкiмi Ә.Тұрғымбеков бастады. Өткен жетi жыл iшiнде Төлебидi түлеткен Әуелхан Елтайұлының биыл бұл қызметке тағайындалғанына тура екi ай толыпты...

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Тұлпарлар туған, сұңқарлар қонған» аймақ тәуелсiздiк алған ширек ғасырда елеулi өзгерiстердi бастан өткердi. Әңгiмемiздi әрi қарай деректермен тұздықтасақ. 25 жылда аудан халқы 26 мың 600 адамға көбейiп, биыл 110 800-ге жеттi. Демографиялық өсiм жыл сайын 1,1-1,5 пайызды құрады. Ауданның жалпы өнiмi 2016 жылы 54 млрд. теңгеге жетiп, 7,3 есеге өстi. Бұл көрсеткiш жан басына шаққанда 487,4 мың теңгеге жеттi. Жалпы, Түлкiбас өңiрiне 177 млрд. инвестиция құйылған. Экономиканың негiзгi көрсеткiшi болып табылатын бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң контингентi 2016 жылдың жоспары 3 018,6 млн. теңге болып, 1991 жылмен салыстырғанда 9,7 есеге өскен. Өнеркәсiпте де өсiм бар. Өнiм көлемi биыл 18,7 млрд. теңгеге жетiп, 3,8 есеге ұлғайды.

Табиғаты туризмге сұранып тұрған аудан басшысы бұл бағытта әлеует пен мүмкiндiктердiң әлi де мол екенiне арнайы тоқталды. Өйткенi, туризм кластерi – табысты бизнестiң бiр түрi. Бұл дегенiмiз – инвестиция, қосымша жұмыс орны. Оған жұмсалған капитал кейiн еселеп қайтарым бередi. Заманауи талапқа сай сервистiк қызмет орталықтарын құру, демалыс аймақтарын салу, инфрақұрылымдар тарту, жалпы кешендi бас жоспарды кезең-кезеңiмен iске асыру деген сөз. Жiбек жолының бойында орналасқан аймақтың тартымдылығын арттыру жолында жаңа әкiмнiң көп тер төгуiне тура келедi. Бiлiктi басшының Төлеби ауданындағы жинақтаған тағлымды тәжiрибесi кәдеге асары анық. Рас, қазiр бұл бағытта небәрi 13 нысан жұмыс iстеуде.

Ауыл шаруашылығы саласында бау-бақша өнiмдерiн өндiру жылдан жылға артып келедi. 2016 жылы 19,1 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. 1991–2016 жылдар аралығында барлығы 1619,5 гектар танапқа жаңа алма бау мен жүзiм бауы өсiрiлуде. Түлкiбастықтар осылайша «Тәуелсiздiк жемiстерiн» өздерi ғана тұтынып қоймай, ауданнан тысқары жерге ұсынуда. Болашақта бұл ауданның брендi алма болмақ. Табиғи өнiмдердi тереңдетiп өңдеуге басымдық берiлген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар