$ 498.51  522.84  4.81

Түлкібаста 3,5 млрд. теңгелік жаңа кәсіпорындардың құрылысы басталмақ

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында өткен жылы инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталған, жалпы жер көлемі 50 га құрайтын индустриялды аймаққа аймақтық үлестіру кеңесінде мақұлданған, жалпы құны  3 млрд.709 млн. теңгелік жаңадан 284 жұмыс орындары ашылатын 6 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аудан басшысы Ә.Тұрғымбеков аталған жобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлермен кездесіп, келісім шартқа қол қойылды. Жаңа зауыттарды құрылыс жұмыстары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай осы желтоқсан айына дейін басталмақ.

Жобалардың негізгі бағыты ауданның табиғи ерекшелігін ескере отырып, тамақ өнімдерін өндіру болып таңдалды. Оның ішінде жеміс жидек көкөністерді өңдеу табиғи шырын шығару болып отыр. Алдағы уақытта ауданда таза табиғи өнімдерден шырынды сусындар мен ет өнімдерінен шұжық тағы басқа өнімдер шығарылатын болады. Кәсіпорындарға қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін ауданда бау бақшалар, мал шаруашылығы саласында кооперативтер құрылатыны айтылды. Алдағы уақытта индустриялды аймаққа тағы да 9 жоба орналастыру көзделуде.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында барлығы жеті индустриалды аймақ бар. Соңғы екі жылдан бері аталған аймақтарға шет мемлекеттерден инвесторларды тарту жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары