$ 446.49  475.38  4.79

«Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке баулу» тақырыбында жәрмеңке өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша қыркүйек-желтоқсан айларына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке баулу» мақсатында мүгедектерге арналған бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтер жәрмеңкесі аудандық жұмыспен қамту орталығында ұйымдастырылды.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жәрмеңкеге 70 адам қатысты, оның 25-і мүгедектер. 40 жұмыссыз адамға Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жәрмеңке барысында ұсынылған 40 бос жұмыс орнының 22-не жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмысқа жолданды, оның 8-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарынан. Ақылы қоғамдық жұмыстарына 10 азамат жолданды, оның 5-еуі мүмкіндігі шектеулі азамат.

Жалпы, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында көптеген қайырымдылық шараларының жүріп жатқаны белгілі. Бұған дейін өңірдегі қайырымдылық қорларының бірі мұқтаж жандарға тегін көмір таратып жүргенін де хабарлаған болатынбыз. Аталған акция барысында 700-ден астам отбасыға 2 тоннадан көмір түсірілген еді. Дәл осындай қайырымдылықпен Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық әкімдігінің басшылары да айналысты. Олар ауданға қарасты аумақта өсіп, қурап қалған ағаштарды кесіп, отын ретінде мұқтаж жандарға таратып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары