$ 446.49  475.38  4.79

Түлкібасқа ақпараттық-насихаттық топ келді

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша жеткен жетістіктер көрсеткіштерін насихаттау мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына келіп, семинар өткізді. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспаөз қызметі хабарлап отыр.

Семинарға облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, лектор, Мархабат Байғұт, аудан әкімдігінің қызметкерлері, ауыл округтері әкімдері, аудандағы ауыл округтерінің, елді мекендердің ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері қатысты.

Семинарда «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша республикада, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеткен жетістіктер көрсеткіштері туралы семинардың лекторы, Мархабат Байғұт баяндады.

«Бірінші кезекте Тәуелсіздік жылдары атқарылатын жұмыстарды насихаттауға жан-жақты жұмылуымыз керек. Осыған орай, насихаттау бойынша аудандық ақпараттық-насихаттық топтар ауыл округтеріне барып, спикерлермен, яғни, әрбір ауыл округіне, елді мекенге, көшеге бекітілген белсенді, абыройлы азаматтармен кездесулер өткізу қажет. Ауыл округтері әкімдері бекітілген спикерлердің жұмыстарын үйлестіріп, барлық ұйымдастыру шараларын атқарсын, тұрғындарды толық ақпараттандыру қамтамасыз етілсін. Бұл үлкен жауапкершілік. Тәуелсіздік мерейтойының игілігін әрбір ел тұрғыны сезінуі керек», - деді Мархабат Байғұт кездесу барысында.

Жиында түрлі сұрақтар қойылып, тиянақты жауаптар берілді. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Жанар Бектаева қортындылап, семинарға қатысушыларға алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары