$ 498.51  522.84  4.81

Ұлтаралық татулық жайында іс-шара өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Ассамблеяның 21 жылдығы және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында "Қазақстаным құт мекенім" атты мәдени іс-шара өткізілді.

Іс-шараға аудан көлемінен 3 этномәдени орталық қатысты. Түрік, Өзбек, Славян этномәдени орталықтарының талантты да дарынды жастары сахнада өз өнерлерін паш етті. Іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысқан тұлғаларға «Ішкі саясат бөлімінің» құрмет грамотасымен және сыйлықтарымен марапатталды. Іс-шара соңы Этномәдени орталықтардың ұлттық көрмесімен көріктене түсті. Көрермендер мен қатысушылар түрлі ұлттық тағамдардан дәм татып өз бағаларын беріп жатты.

Осы ретте айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде Қазақстан халқы ассамблеясының өңірлік филиалы ерекше белсенділік танытып келеді. «Қоғамдық келісім» мекемесінің бастамасымен облыс аумағында ұлттардың бірлігін, қазақ халқының дәстүрлерін ұлықтайтын нақты іс-шаралар өтті. Мәселен, дәл осы ҚХА-ның ұйымдастыруымен Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақтың бас тағамы – ет асудан сайыс өтті. Сондай-ақ, осы мерейлі мереке қарсаңында өзбек этномәдени орталығының бастамасымен палау фестивалі де өткен болатын.

Жалпы, ҚХА-ның мақсаты да осы – Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын бірлікте ұстап, салт-дәстүрлі, мәдениет пен тілді жаңғырту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары