$ 498.51  522.84  4.81

Түлкібаста алма және сүт кластерін дамыту қолға алынбақ

Бұл туралы ОҚО Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Аудан басшысы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданның жеткен жетістіктерін баяндаған болатын

Жалпы Түлкібас ауданында 1991-2016 жылдары әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, ауданда кәсіпкерлік саласы жылдан-жылға өркендеп келеді. Мәселен, мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны 2961 бірлікті құраған. Сонымен қатар, ауданда соңғы 25 жылда халық саны 26 мың 600 адамға өсіп, халықтың өмір сүру ұзақтығы 5,0 пайызға жоғарылаған.  Ауданға тартылған инвестиция көлемі 1991 жылы 37,0 млн.теңгені құраса, 2016 жылы 19 474,0 млн. теңгеге жетіп, немесе 52,6 есеге өскен.

Ауданның  жалпы өңірлік өнімі 2016 жылы 54,0 млрд. теңгеге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мың. теңгеге жеткен.  Ауданда 1991-2016 жылдар аралығында барлығы 1619,5 га жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 га жерге жылыжай салынған,4474 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген.

Ауданның табиғи ерекшелігіне сай қарқынды дамып келе жатқан туризм және ауылшаруашылығы саласы  жайлы тілге тиек еткен аудан басшысы бүгінгі таңдағы аудандағы өзекті мәселелер  мен алдағы атқарылатн жұмыстар жайлы да өз ойын ортаға салды.

Алдағы уақытта Түлкібас ауданында  туризм саласы мен  алма және сүт кластерін дамыту  қолға алмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары