$ 498.51  522.84  4.81

Аудан әкімі жастарды Тәуелсіздік мерейтойына белсене атсалысуға шақырды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының әкімі жергілікті жастарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуге белсенді атсалысуға шақырды. Аудан жастарымен кездескен Ә.Тұрғымбеков сондай-ақ, жастарға мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетілетінін де тілге тиек етті.

Ә.Тұрғымбеков кезекті жұмыс кестесіне орай аудандағы жастар саясаты бойынша аудан жастарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқылады. Кездесуге аудандық жастар орталығының қызметкерлері, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің қызметкерлері мен студенттері, аудан мектептерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары және психологтары, АІІБ-нің ювеналды полиция тобының инспекторлары, «Жас отан» жастар қанаты мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуді аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков ашып, бүгінгі жастар мәселесі бойынша өз пікірін ортаға салды. Бүгінгі таңда жастардың толық білім алуына, жұмысқа орналасуына, тұрғын үймен қамту мәселесі бойынша арнайы бағдарламалар қабылданып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жайында айтып өтті. Жиында аудандық «Жастар орталығының» атқарған жұмыстары туралы аудандық жастар орталығы директоры міндетін атқарушы А.Әсілбеков, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің жастар бойынша атқарған жұмыстары туралы колледждің директоры С.Әділбеков, аудандық білім бөлімінің жастар тәрбиесі бойынша атқарған жұмыстары туралы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Б.Қилыбаев, ауданда жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы Н.Есенбеков баяндама жасады. 

Баяндама бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Кездесуді аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков қорытып, жастарға барлық уақытта көңіл бөліп, жастар мәселесі әр тоқсан талқыланып, атқарылатын жұмыстарға арнайы жаспар жасалсын деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары