$ 498.34  519.72  4.85

Қазақта ақын өткен құлыншақтай...

Атақ-даңқы алыс аймаққа тараған күнгейлік ақын Құлыншақ Кемелұлының туылғанына биыл - 175 жыл. Осыған орай және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына байланысты Теріскейде ғылыми конференция мен аймақтық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Шараға Құлыншақ Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлестік пен аудан әкімдігі ұйытқы болды.

Құлыншақ – қазақ салтындағы серілік үрдісін үзбеген ақын.  Сыр бойын кезіп, Жетісу желіп, Майлықожа, Шөжелермен сөз сайыстырған. Суырып салма ақын «Алпамыс» эпосын да жырлаған. Өз кезінде албырт ақынға жыр алыбы Жамбылдың өзі жоғары баға беріпті. Ақын мерейтойын тойлауға республикаға танымал белгілі тұлғалар, ақын-жазушылар мен ғалымдар қатысты.

Құлыншақ шығармашылығының ауыздан ауызға тарап, бүгінгі жас ұрпаққа жетуі - елінің талантты тұлғаға деген құрметі. Жиында ақын ұрпақтары мен ғалымдар сөз алып, ой түйді.

«Созақтың жыр сүлейі». Аймақтық жыр мүшәйрасы осылай деп аталды. Байқауға Кентау қаласы мен Отырар, Созақ аудандарынан іріктеліп алынған 8 ақын қатысты. Бас жүлде Құлыншақ ақынның ауылынан шыққан Тұмартай Дінтайға бұйырды. Жүлделі 3-орын Кентау қаласының ақыны Раушан Тәшімбетоваға бұйырды. Отырарлық ару Гауһар Жүсіпәлиева 2-орынның тұғырына көтерілсе, Созақ ауданының намысын қолдан бермеген Жұпар Жүзбаева бірінші орынды еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары