$ 498.34  519.72  4.85

Кәсіпкерлердің мүддесі басты назарда

Оңтүстік Қазақстан обысы Төлеби ауданының әкімі Б.Парманов аудандық кәсіпкерлік мектебінде аудан кәсіпкерлерімен өткен алғашқы қабылдауында шешімін таппай жүрген мәселелерін бірігіп шешуді ұсынды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына келген кәсіпкерлер өз мәселелерін ортаға салды.

Оның бірі, Ленгер қаласының тұрғыны жеке кәсіпкер Роман Абдухманов құс өсіру үшін жер телімін алуға қызығушылық танытса, Кемеқалған ауылдық округінің жеке кәсіпкері Жандос Өсербаев салынған дүкен құжаттарын рәсімдеу тәртібін сұрады. Қолынан іс келетін азаматтар мемлекеттің көмегіне қарап отырмай, тіршілігін жасауда.

Аудан әкімі Б.Парманов кәсіпкерлердің мәселесін шешу бойынша аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа және тиісті бөлім басшыларына заң талабына сәйкес көмек көрсетуді тапсырды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры А.Тастановқа әр аптаның бейсенбі күні сағат 10-00-де өтетін ашық есік күндері қабылдауының регламетін бекітуді тапсырды.

Жеке қабылдауға келген барлық кәсіпкерлер аудан әкімі тарапынан атқарылған жұмыстарға өз ризашылықтарын білдіріп, қажетті кеңестерді алды.

Аудан әкімі сондай-ақ, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетілетінін, айта келе оларды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өтуге атсалысуларын да сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары