Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы. 25 жыл бойы біздің жас Тәуелсіз мемлекеттіміздің әл-ауқатының тұрақты дамуын және өсуін бүкіл әлем бақылап отыр.
Қазақстан – түрлі ұлт халқы бір-бірімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырған көп ұлтты ел. Біздің Президент әрбір сөзінде, осы тұрақтылықты, өзара құрмет пен өзара түсіністікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді.
Президенттіміздің саясатын қолдау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында да этномәдени орталықтар қызу жұмыс істеп жатыр. Олар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге дайындалуда. Бүгінде мұндай орталықтардың саны алтауға жеткен. Олар:
- Славян мәдени орталығы - төрағасы Шишкин С.В.
- Неміс мәдени орталығы - төрағасы Л.К. Mехлик
- Кәріс мәдени орталығы - төрағасы Пак Л.А
- Өзбек мәдени орталығы - төрағасы Қадыров О.Р
- Түрік мәдени орталығы - төрағасы М.А. Таиров
- Күрд мәдени орталығы - төрағасы Әлиев М.А.
Өз халқының тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен мәдениетін жаңғырту, жас ұрпақты тәрбиелеуде басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге бағытталған шаралар бойынша орталықтарда көп жұмыс атқарылады.
Мәдениеттердің әртүрлілігі аудан халқын рухани байытады.
Этно-мәдени орталықтар ауданымыздың әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысады. Өз халқының Мәдениет күндерін атап өтеді, мемлекеттік және ұлттық мереке күндері мерекелік бағдарламаларға қатысып, әр үлттың өнері, ән-биімен, олардың мәдениетімен аудан тұрғындарын таныстырады.