$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-дағы тәлімбақта арнайы тәжірибе жұмыстары жүріп жатыр

Тәуелсіздік мерейтойында еліміздің бағбандары да қарап қалмай, ағаштардың жаңа түрлерін ойлап табуда. Мәселен, бұған дейін оңтүстікқазақстандық мамандар тұқымнан қайың мен жөке ағашының жаңа түрін шығарса, енді тұт өсіріп көрмекші. Нәтижесінде ағаштың жаңа тұқымы жайқалып өсуі мүмкін деп жазады “Хабар-24».

Қазір тәлімбақта ерекше күтімдегі 3 миллион көшет бар. Бұл әдемі ағаштар табиғат аясында өсіп тұрған жоқ, олардың барлығы да тәжірибе үшін өсірілген көшеттер. Дариға Әділбекованың бұл іспен айналысып жүргеніне бірнеше жыл болыпты. Ал осы уақыт аралығында біраз нәтижелерге қол жеткізген.

Дариға Әділбекова, тәлімбақ басшысының орынбасары:

- Біздің мекемеміз ағаш көшеттерін өсірумен айналысқаннан басқа, тәжірибе ретінде бізде жоқ ағаштарды өсіру тәжірибесі жүргізіледі. Атап айтқанда, 2014 жылы біз аққайың көшетін тұқымынан өсіру үшін септік. Одан кейін мынау тұт көшетін өсірдік. Облыстық аймақта бізден басқа ешкімде жоқ тұт көшеті. Тұтты тұқымынан өсіріп, көшетке айнадыруға қол жеткіздік.

Әділхан Есназаров, бағбан:

- Қазір біздің жұмысшыларымыз қара ағаш көшетін босатып жатыр. Арыс ауданына жібереміз. Оданда басқа Шымкент қаласы, басқа да аудандарға жібереміз.

«Тәжірибе алаңына 1,5 гектар жер берілген. Мамандардың ендігі мақсаты – кез келген ағаш түрін оңтүсік өңірге жерсіңдіру. Сол үшін барлық жағдайды жасалған», - дейді тәлімбақ басшылары.

Дариға Әділбекова, тәлімбақ басшысының орынбасары:

- Бізде тек қана ақ қайың, қырым қарағайы сияқты көшеттеріміздің өсіндері сатып алынып, жас өскіннен көбейтіледі. Өте сұрансқа ие көшеттеріміз – бозашра, жапй арша, қырым қарағайы, аққайың және жеміс-жидек, алма, алмұрт, өрік көшеттерін айтуға болады.

Тәлімбақта қазір 3 млн-нан астам көшет түрі бар. Бақ мамандары еліміздің түкпір-түкпірін аралағанда тек ерекше ағаштарға ғана мән береді екен. Оларды оңтүстікке әкеліп отырғызған. Қазір жайқалып тұр. Ағаштардың тұқымын жинау маусымы ұзаққа созылады. Биыл 3 мың келі ұрық жиналыпты. Енді олар топыраққа себіліп, жасыл желекке айналуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары