$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент мұнай өңдеу зауыты озаттарын ардақтады

Оңтүстiк өңiрiндегi iрi кәсiпорын – Шымкент мұнай өңдеу зауыты өзiнiң еңбек озаттарын, жаңашыл жұмысшылары мен бастамашыл басшыларын Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойы аясында сый-құрметке бөледi.

Зауыттың мерекелiк шараға сай безендiрiлген мәжiлiс залында өткен салтанатты «ҚазМұнайГаз – өңдеу – Маркетинг» акционерлiк қоғамы директорының маркетинг жөнiндегi орынбасары Асхат Серiкұлы Қалиәкпаров құттықтау сөз сөйлеп ашты.

Ол жиынға қатысушыларды өз компаниясы атынан ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерекесiмен құттықтады. Сонымен қатар мұнайшыларға арнаған сөзiнде бұл кәсiпорынның 30 жылдық мерекесiнiң аталып өтiлгенiне де жылға жуық уақыт өткенiне тоқталды.  Осы уақыт аралығында талай жетiстiктерге қол жеткiзген Шымкент мұнай өңдеу зауыты тек Оңтүстiк аймағы үшiн ғана емес, тұтастай алғанда бүкiл ел игiлiгi үшiн маңызды кәсiпорындардың бiрi екенiн баяндады. Сондықтан да бұл өндiрiстiң еңбек майталмандарының табысы мемлекетiмiздiң өркендеуiне қосылып отырған зор үлес болмақ.

Мерекелiк көңiл-күйдегi құттықтау сөздi жалғастырған «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң президентi Цзян Ши өндiрiс орнының тарихына қысқаша тоқталды. Құрылысы 1972 жылы басталып, Оңтүстiк жерiне зәулiм ғимараттарымен көрiк берген зауыттың iргесi 1976 жылы кеңейе түстi. Ал, 1984 жылы 100-шi секция, яғни ЛК-6У iске қосылды. Келесi жылы 200-шi секция каталтиканы реформингтеу  және  дизельдi отын мен гидротазалауды крекингтеу өндiрiске берiлдi.

Цзян Ши мырза зауытта жүрiп жатқан күрделi жаңғырту жұмыстары жөнiнде айта келiп, алдағы жаңа жоспарлары туралы да әңгiме қозғады.

Құттықтау сөздер бiрнеше рет қол соғылған мерекелiк көңiл-күйге ұласып жатты.

 Еңбектегi табыстары мен қол жеткен жетiстiктерi үшiн өндiрiс озаттарын Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойымен марапаттау рәсiмi ҚР Энергетика министрлiгiнiң «Мұнай-газ кешенiн дамытуға қосқан үлесi үшiн» медалiн табыс етумен басталды.

Министрлiктiң бұл мерекелiк төсбелгiсi компанияда көп жыл еңбек еткен №1 технологиялық цехтың басшысы Виктор Козорезовке ортақ iске қосқан мол үлесi және ұйымдастыру шеберлiгi үшiн табыс етiлдi.

Ал, елiмiздiң қалыптасуына, егемендiгiмiздiң нығая түсуi мен әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан үлесi үшiн «Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiне – 25 жыл» мерекелiк төсбелгiсiмен зауыттың бас технологы Нұрбосын Нұрашев, сондай-ақ тазалау құрылымы, су-көбiкпен өшiру және өндiрiстiк кәрiз цехы басшысының орынбасары Мақұлбек  Оңғарбеков марапатталды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының ескерткiш белгiсiне өндiрiстегi жоғары көрсеткiштерi және көп жылғы мiнсiз қызметi үшiн зауыттың еңбектi қорғау және қауiпсiздiк жөнiндегi аға техникалық жетекшiсi,  «ПҚОП» ЖШС-нiң еңбектi қорғау, қауiпсiздiк және экология департаментiнiң директоры Аманәлi Ембердиев, компанияның инжинеринг және жобаларды басқару департаментiнiң директоры Сейiлхан Жүсiпбеков, сонымен бiрге сынақ зертханасының бақылаушы iс шеберi Күлмира Мамаева ие болды.

Марапат иелерiн құттықтау одан әрi қарай жалғасын тапты.  

 «ҚазМұнайГаз – өңдеу — Маркетинг» акционерлiк қоғамының ескерткiш белгiсiмен тауарлы-тасымалдау басқармасының жуу тобының мұнай құятын ыдыстарды қадағалаушысы Болат Рахымбаев, газдан құтқару отряды бекетiнiң командирi София әзiрбаева, бас механика бөлiмiнiң қосалқы бөлшектер жөнiндегi инженерi Ольга Гудина марапатталды. Сондай-ақ мұндай құрметке техникалық бөлiмнiң инженерi Ирина Полякова, өндiрiс бөлiмiнiң аға инженерi Федор Змиевский, тауарлы-шикiзат цехының жанған газ және шырақты газ шаруашылығы паркiнiң механигi Шохан Құлмаханбетов ие болды.

Жоғары кәсiби шеберлiктерi үшiн су-бу-ауамен жабдықтау цехының желi тартушысы Пазылбек Зұлпыхаров, тауарлы-тасымалдау басқармасының тауарды қабылдау тобының 5-разрядты операторы Марина Зайцева, еңбектi қорғау, қауiпсiздiк және экология  департаментiнiң өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi инженерi Жандарбек Ембердиев және бақылау-өлшеу құрылымдары мен автоматика цехының жетекшi инженер-бағдарламашысы Қайрат әбдiкерiмов «ҚазМұнайГаз – өңдеу —  Маркетинг» акционерлiк қоғамының Алғыс хатын иелендi.

Салтанатты жиын соңында марапат иелерi бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiмен мерекелiк көңiл-күйiн бөлiсiп, сұхбат бердi.

"Оңтүстік Қазақстан".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары