$ 449.58  486.94  4.86

Бiртұтас халықтың өкiлi екенiме қуанамын - студент

Астана қаласында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай салтанатты жиын өткенi белгiлi. Сол алқалы басқосуға Оңтүстiк Қазақстан облысынан да бiрқатар азаматтар қатысқан болатын. Солардың бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың I курс студентi Анастасия КОЖЕДУБ.

Анастасия КОЖЕДУБ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың I курс студентi:

— Астанада Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиынға қатысқаным үшiн өзiмдi өте бақытты сезiндiм.

Мемлекет басшысы «әлем халықтарының тарихына жүгiнсек, жаңа мемлекет құру мәртебесi ұрпақтың ең ұлы буынына бұйырады. Осы бақытты буын — бүгiнгi заманауи қазақстандықтар, ұлы буын ол — сiздер!» деп атап өттi. Сол сәтте өзiмнiң Тәуелсiз Қазақстанда туғаныма ерекше шаттанып, осындай жасампаз iстердi атқарған бiртұтас халықтың өкiлi екенiме қуандым. 

Елбасымыз елiмiздiң тәуелсiздiк жылдарында жеткен жетi бiрдей басты жетiстiгiн атап өткен кезде кеудемдi мақтаныш сезiмi кернедi. әсiресе, Президенттiң «түптiң түбiнде адамзат жаппай қырып-жою қаруынан бас тартады» деген сөзi маған үлкен үмiт сыйлап, елiмiздiң, жалпы адамзаттың болашағына деген сенiмiмдi нығайтты.

Бұл мерекелiк жиын маған зор шабыт пен күш-жiгер сыйлады. Алдағы уақытта Қазақстанның өсiп-өркендеуi мен гүлденуi үшiн сапалы бiлiм алып, аянбай еңбек етемiн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары