$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 том

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қазақ халқы үшін мәні де мағынасы да терең оқиға. Осы орайда, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған 25 том» деп тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына шығармашылықта өз еңбегін сүбелі қосып келе жатқан ақын, қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры Х.Есенқарақызы бастаған шығармашыл топ әзірлеген «Ақ жол» көптомдығының 10 томының тұсаукесер рәсімі ОҚО мәдениет басқармасының бастамасымен «Отырар» кітапханасында ұйымдастырылды.

Өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Ақ жол» газетінің мақалаларынан құралған бұл кітаптың тарихи танымдық тұрғыдан алғанда саналы оқырман қауымға берері мол.
Тұсаукесерге ОҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірхан, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д.Т.Рахымжан, Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметов, белгіліаңгер, Қазақстан заңгерлер қауымдастығының төрағасы Б.Тұрғараұлы, жазушы, журналист М.Байғұт, ОҚМПИ оқу ісі жөніндегі проректоры Б.Исабек және Республикалық, жергілікті телеарналар мен газеттердің тілшілері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Айта кетейік, Шымкентте 2001 жылдың 2 қарашасынан бері ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей жұмыс істеп келеді. Музейдің екі залы бар. Соның бірі - «Тағзым» залында 30-32 жылдары атылған 2500 адамның аты жазылып тұр. Орта тұста «Репрессия» атты мүсін орналасқан. Ол сол жылдары адамзат тартқан азап пен қайғыны бейнелейді. Нысан құрылысын архитектор А.Найманбай жобалаған. Сондай-ақ, музейдегі портрет галереясында А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов сынды арыстарымыздың бейнесі ілінген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары