$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған тұғырлы Тәуелсіздікке биыл 25 жыл! Бұл қастерлі де қасиетті күн – ата-бабамыз аңсаған ақ арманның орындалып, асыл мұраттарының жүзеге асқан сәті.

Өткен күнге қысқаша тоқталсақ, 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдарына дербес мемлекет болды. Солардың қатарында Қазақстан да бар болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің Егемендігі туралы” Заң қабылдап, еліміз күллі әлемге егеменді мемлекет екендігін жариялады. Ең алғашқы Президентті де сайладық.

Еліміздің сенім жүгін арқалап, өрге апарар басшысы, яғни ҚР-ның Президенті болып Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бұл күн – Қазақстан тарихына тәуелсіз «Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды, тарихтатаңбаланды. Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Гимні бекітілді.

Әлемдік қауымдастықта енді ғана қадам басқан жас мемлекеттің жасампаз істері алғашқы жылдары орын алған бірқатар қиындықтарға қарамастан, еңсесін тез тіктеп, қарышты қадамдарымен елді қуантты. Яғни, қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға биік орынға көтерілді.

Жас мемлекеттің жарқын істерге бастауында қарапайым халық тұрды. Өз еркімен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылған сәтте аянып қалмай, Қазақстанның биік белестерге көтерілуіне сүбелі үлес қосты. Себебі, тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, қажырлы күш-қуат берді. Міне сол елдің бірлігі мен кемел келешегі үшін тер төгуге жол алған Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына міне 25 жыл! Осы жылдар ішінде тәуелсіз елдің тұғырының бекем болуында, ел тыныштығы мен саяси тұрақтылығынсақтауда ҚР Президентінің сіңірген еңбегі телегей теңіз. Халқын жарқын істерге бастаған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен  «Тәуелсіздік» сөзі егіз ұғым.

Тарих толқынында талай тындырымды іс атқарылып, тәуелсіз ел дамыған елдердің көшіне қлосылды. Көк туын желбіреткен Қазақстан төрге озды. Қазақ елінің Ақ Ордадай «Астана» атты рухани тұғыры орнықты. Тәуелсіздіктің тақ тұғырына айналған Астана бүгінде саяси, экономикалық шаһар ғана емес, Еуразия құрлығындағы мәдени, рухани орталыққа айналды.

Тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, келер ұрпақ алдында мәртебесі биік елге айналған Қазақстандағы жарқын істер жалғасын табуда. Өзіндік үні, пікірі, мәртебесі қалыптасқан тәуелсіз елдің 25 жыл ішінде мұндай нәтижелерге қол жеткізуі мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президенттің арқасы екендігі анық. Сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды.

Біз бүгін жерінің асты байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығын зор салтанатпен атап өтіп жатырмыз. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Сол себепті де, көкте көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!

М.М.Байтелиев, ОҚО прокуратурасының жедел-іздестіру заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары