$ 443.35  475.54  4.82

Прокуратура қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында   6-шы  желтоқсан - Қазақстан Республикасының прокуратурасы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар биыл Қазақстан Республикасының Прокуратурасына да ширек ғасыр толып отыр. Қос бірдей мереге орай ұйымдастырылған  салтанатты шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев пен облыс прокуроры И.Иманов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев пен пен осы салада еңбек еткен ардагерлер, сондай-ақ Консультативтік Кеңес мүшелері мен қатардағы қадағалау органы өкілдері қатысты.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс прокуроры И.Иманов тәуелсіздік жылдарында өз қызметтерін мінсіз, адал атқарып, жоғары нəтижелерге қол жеткізген сала қызметкерлерін  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасымен», "ҚР прокуратурасына 25 жыл" мерекелік медалімен марапаттады.  Сонымен қатар, бірқатар прокурорларға арнайы сыныптық шендер беріліп, «І , ІІ, ІІІ  дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және  мен, «І, ІІ дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгілері табысталды.

Елдің тыныштығы мен игілігі үшін уақытпен санаспай қызмет атқарып жүрген қызметкерлер бұл күні облыс әкімінің арнайы грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.

Жиында сөз алған өңір басшысы Ж.Түймебаев барша прокурорларды қос мерейлі мерекемен құттықтап, қадағалау органы қызметкерлерінің өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша  міндеттерін ойдағыдай атқарып келе жатқанын жеткізді.

Президент саясатын жүзеге асыруда,  құқықтық мемлекетті қалыптастырып, заңдылық пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуіне  прокуратура қызметкерлерінің қосқан   үлестері ұшан теңіз.   

Жыл басынан бері қадағалау органы өкілдерінің  қажырлы  еңбегінің арқасында облыста қылмыс саны 4 пайызға, алаяқтық қылмыс көрсчеткіші 34 пайызға  кеміген.

Еліміздің Заңдарының мүлтіксіз орындалуын қадағалап, ақиқаттың ақ жолынан  аттамаған  азаматтар  қай кезде де  құрмет  пен  беделге лайық.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары