$ 439.43  473.31  4.82

Ата-бабаларымыздың арманы болған басты тұғырымыз – Тәуелсіздікке биыл 25 жыл

Бүгінде Қазақстан - терезесі тең, іргесі биік, экономикалық-инновациялық қарқынды тәуелсіз елдердің қатарында тұрып, көк туын биікке желбіретуде. Ширек ғасыр ішінде еліміз жан-жақты салада көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің жарқын келешегін айқындады.

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе?

1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда келеді. Оған еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар септігін тигізіп отыр. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Қазақтың ғасырлар бойы арманы болған тәуелсіздігі қазақ мемлекеттілігінің үзілгенін жалғап, ұлттың рухын көтерді. Ендігі кезекте демократиялық құндылықтарға, адалдыққа, ақыл мен парасатқа, шынайы бірлікке негізделген ұстанымдар ғана Қазақстанды еңселі ел болуға жетелейді. Демек, адами тұрғыдан жетілген, кісілік кемелденген, бәсекеге қабілетті білімді ұрпағы бар қуатты да құтты мемлекет құру  басты мақсат болмақ.

Е.Кадиров, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары