$ 480.55  533.75  5.36

Бұл - бабалар аңсаған егемендік

Егеменді еліміздің тұңғыш Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі - Қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында»,-деуі тектен-тек айтыла салған сөз емес. Себебі, небір зұлмат замандарды басынан өткеріп, жаңа мыңжылдық есігін қолындағы көкбайрағымен, бай әдебиет-мәдениетімен, бабалар қалыптастырып кеткен сан салылы салт-дәстүрлерімен, көк күмбезіне қалықтаған әуезді әнұранымен ашқан, еңсесін тіктеп, көкжиегін кеңейткен халқымыз бүгінде дүниежүзілік қауымдастықтың ең беделді серіктестігіне айналды.

Бұл ретте Қазақстанның 1992 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымыныа толық құқылы мүше екенін, сондай-ақ қазіргі таңда 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдерінің жүйелі түрде жұмыс істейтінін айта кетуге болады.

Небәрі жиырма бес жылдың ішінде экономикасы дамыған, жаһандық сахнада өз орны бар тәуелсіз мемлекетке айналған еліміздің әлемдік қатынастардағы жеке субъект ретінде қалыптасуы, 130-дан астам елмен ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас жасауы, Дүниежүзілік еңбек ұйымына және басқа да ұйымдарға әріптес болуы Елбасымыздың биік парасат-пайымының болмыс-бітімі мен іскерлігінің, дүнеижүзілік мінберлердегі абырой-атағының жемісі.

Әрине, тарих безбенімен өлшегенде 25 жылдық мерзім түк те емес. Бірақ, осынау аз ғана уақыт ішінде елімізде айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізілді. Соны нәтижесінде қос Палаталы Парламент құрылып, сот жүйесінің негізі қаланды, әлем мойындаған жаңа Елорда салынды, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітіліп, Мемлекеттік рәміздеріміз бен Ата Заңымыз паш етілді.

Бұл орайда, әскери-теңіз флотымыз бен шекаралық әскерлеріміздің, сондай-ақ Қарулы күштеріміз бер Республикалық ұланымыздың жасақталғанын да мақтанышпен айта аламыз.

Қазақстанның кешегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясында «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алу да Қазақстан халқын біртұтас мемлекеті ретінде тарих көшімен алға жетелеген Елбасының жеңісі.

Желтоқсан айы-жыл бойғы ісімізді қорытындылайтын , айтулы мерекелерді барлық сән-салтанатымен қарсы алып, шаттанатын ерекше кезең.

Еңсесі биік кокжиегі кемел еліміздің ынтымақ-бірлігі, береке-құты, абыройы-атағы асқақтай берсін! 

Т. Медеубеков, ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры, кіші әділет кеңесшісі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары