$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Бүгінде ата-бабаларымыздың аңсаған арманы шындыққа айналып, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен Тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қолжеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.

Бүгінгі Қазақстан – барлық жағынан әлемге танылған, бүкіл Еуропа төрін ұсынған, даңқы асып, айбыны асқақтаған мемлекет. Бұл біріншіден, әлемдік деңгейдегі саясаткер – Мемлекет басшысының сара саясатының жемісі, екіншіден, еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ауызбірлік пен ынтымақтастығы, бірлесе еңбек етуінің арқасында қол жеткізілген табыс. Яғни, Қазақ елі өлшеусіз табиғат байлығы мен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауыз бірлігі мен аты шықты. Қазақ халқымен бірге әртүрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әртүрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.

Байтақ ел бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. 
25 жыл ішінде Қазақхалқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін — өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениет пен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары еліміздің рухын асқақтатып, күш-қуатын біріктіретін құжат болып отыр. Әр жылғы Жолдаудың өз жаңалықтары бар. Дегенмен, жаңа экономикалық саясатқа негізделген «Нұрлыжол» бағдарламасының тарихи маңызы зор. Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға беріп, алыс және жақын болашағымыздың бағдарын айқындаған.

2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қолжеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді» - деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды.

Сондықтан да келешегі жарқын, арманы асқақ Қазақ елінің әрі қарай дамып, өркендеуі үшін аянбай өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Қазақстанның қарыштап қалыптасуы ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Президентіміздің басшылығымен конституциялық құрылым кемелдене жүзеге асты.
Елбасымыздың көрегендігінің арқасында егемендік пен тәуелсіздігімізді нығайып, алға қарай дамуымыз да қазақстанның көптеген елдермен қарым-қатынасын жолға қойылып, тұрақтылығын сақтап қалуына ықпалды қадамдар жасалды.

Алдына өршіл мақсаттар қойып, оң нәтижеге қол жеткізе білген Қазақстанның келесі ауқымды мақсаты – 2050 жылға дейін әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру.

Бұл үшін Елбасы Н.Назарбаев болашаққа бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды.

Бұл идеяның негізгі өзегі – қол жеткізген тәуелсіздікті ары қарай баянды қылып ұстап тұру, Мәңгілік Елге айналып, оны кейінгі ұрпаққа ең асыл мирас ретінде қалдыру, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау.

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін үлкен мереке. 

А.Бекбауов, ОҚО прокуратурасы 2-ші басқармасының аға прокуроры

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары